21 қаңтар, бейсенбі, 2016 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 қаңтар, бейсенбі, 2016 жыл

21.01.2016
21 қаңтар, бейсенбі, 2016 жыл

5 жыл бұрын (2011) Қазақстанда «Hyundai» жүк көліктері мен автобустарын құрастыратын зауыт ашылды.

9 жыл бұрын (2007) Алматыдағы Магнитогор көшесі актер, КСРО-ның Халық әртісі Ыдырыс Ноғайбаевтың атына өзгертілді.

16 жыл бұрын (2000) Ақтөбе қаласында «Алтын Орда» республикалық тәуелсіз апталық газеті шыға бастады.

21 жыл бұрын (1995) Қазақстанда «Іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды.

24 жыл бұрын (1992) Орал ғылыми орталығы құрылды. Мекеменің ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты облыстық жер қойнауындағы су қорларын зерттеу және оны кешенді игеру, су-экология, топырақ және биотехнология мәселелеріне арналған.

70 жыл бұрын (1946) «Ана тілі» баспасының директоры Жақау ДӘУРЕНБЕКОВ дүниеге келді.

266 жыл бұрын (1750-1813) батыр, әулие, ағартушы, сәулетші Мырзағұлұлы БЕКЕТ АТА дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу