Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жыл толды

01.04.2020

Бүгін әйгілі күйші, композитор, дирижер, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиев дүниеге келген күн. Яғни, ұлы сазгердің туғанына 95 жыл толды.

Көзі тірісінде талантты тұлға қазақтың ұлттық өнері мен мәдениетіне өшпес із қалдырды. Ол ұлттық әндер мен күйлерімізді ұлттық аспаптармен оркестрлік дыбыстаудың үлгісін жасаған азамат еді. Сондай-ақ - «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің негізін қалаушы. Қазақ өнерінің жарқын жұлдызы - Отан соғысына қатысқан майдангер. Қайраткердің жүрегінен шыққан талай туындылар/ әлі де үлкен сахналарда, ел арасында кеңінен орындалып жүр.  

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу