«М.Мақатаевтың туғанына - 85 жыл». Концерт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«М.Мақатаевтың туғанына - 85 жыл». Концерт

07.02.2016
«М.Мақатаевтың туғанына - 85 жыл». Концерт

Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. «Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын», – деп жырлаған ақын, аз ғұмырында қаншама әнге сөз жазып, қара өлеңнің көш керуенін қара нардай алға сүйреген биігіміздің бірі әрі бірегейі.

Бірер күн бұрын Астанада ақынның 85 жылдығына орай  Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының ән-жыр кешін ұйымдастырған  болатын.

Кеште ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор АйтқалИ Жайымов пен дирижер, Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов жетекшілік етті.

Мұқағалидің рөлі сомдалып, өлеңдері оқылған, ақын өлеңдеріне жазылған әндер кешінің телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу