130 жыл бұрын химик Клеменс Винклер германий элементін ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

130 жыл бұрын химик Клеменс Винклер германий элементін ашты

06.02.2016
130 жыл бұрын химик Клеменс Винклер германий элементін ашты

1886 жылдың 6 ақпанында неміс химигі Клеменс Винклер аргиродит минералының анализі кезінде жаңа химиялық элемент ашты. Ал, оған дейін (15 жыл бұрын) бұл элементтің бар екенін Дмитрий Менделеев өз есептерімен дәлелдеген еді. Ол оның физико-химиялық қасиеттерін анықтап, «экасилиций» (латынша «кремнийдің алғашқы аналогы») деген атау берді.

Ал, К.Винклер бұл элементті өз елінің атауымен, яғни «германий» деп атады. Менделев бұл шешіммен толықтай келісті. «Германийдің ашылуы периодты жүйенің «тәжі», сондықтан оның «әкесі» ретінде ол сіздікі. Ал, мен үшін бұл элементтің пайда болудағы «ізашар» рөлім және сіздің маған деген достық қатынасыңыз да бағалы», - дейді атақты ғалым.

Айта кетейік, германий – техникалық прогресстің ең маңызды бөлігінің бірі. Себебі, дәл осы элемент жетекші жартылай өткізгіш материал болып есептеледі. Германиялық диодтар мен триодтар радиоқабылдағыштар мен теледидарларда, есептік-шешуші құралдарда және басқа да есептеуіш аппараттарында кеңінен қолданылады.

Осы ерекше физикалық қасиеттеріне қоса, германий терапевтикалық қасиеттерге ие. Оның биологиялық әсері өте кең. Мысалы, ол ағзаның тініне оттегі тасымалдап, иммундық статусты нығайтумен қатар, ісікке қарсы белсенділікті арттырады. 

Хабарламаларға жазылу