Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды

12.08.2022

Бүгін Елордада Қазақстандағы ең үлкен мешіт жамағатқа есігін айқара ашты. Нысанның құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталған. Мешіттің ашылуына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Барша қазақстандықтарды жаңа мінәжат үйімен құттықтап, ат салысқан азаматтарға алғыс білдірді. Мешітте бір уақытта 235 мың адам құлшылық жасай алады. Яғни сыртындағы ашық алаңда 200 мың, ал мешіт ішінде 35000 адам намаз оқуға мүмкіндік бар. Әлем бойынша ең алып кілем мен аспашам және ең биік есік орналасқан. Сыйымдылығы бойынша әлемдегі он үлкен мешіттің қатарына енді. Күмбездің биіктігі 83 метр. 4 мұнарасы 130 метрден асады. Мұнараға шығып Елорданы тамашалауға мүмкіндік бар.


Хабарламаларға жазылу