56 жыл бұрын (1961) жазушы Жүсіпбек Қорғасбек дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

56 жыл бұрын (1961) жазушы Жүсіпбек Қорғасбек дүниеге келді

06.02.2017
56 жыл бұрын (1961) жазушы Жүсіпбек Қорғасбек дүниеге келді

Халықаралық бармен күні

Көптеген мемлекеттерде бармен мен рестораторлардың кәсіби мейрамы қасиетті Аманда күні атап өтіледі. Шарап ашытушы мен бармендердің қорғаушысы қасиетті Аманда, Маастрихит епископы (584-679) Францияның, Германия мен Фландрияның шарап ашытатын аймақтарында шарап ашытушылардың, шарап сатушылардың, сырашының, бар мен мейрамхана иелерін, және де бар жұмысшыларының (барменнен ыдыс жуушыға дейін) ресми қорғаушысы саналады.

Боб Марли күні

6 ақпан күні Ямайкада музыкант Боб Марлидің (1945-1981) туған күнін атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

97 жыл бұрын (1920) Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің бұйрығына сәйкес жеке қазақ әскери бригадасы құрылды.

83 жыл бұрын (1934) Қарағанды қаласының іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды.

131 жыл бұрын (1886) неміс химигі Клеменс Винклер аргиродит минералын талдау кезінде жаңа химиялық элементті ашып, оны өз елінің құрметіне «германий» деп атады.   

ЕСІМДЕР

113 жыл бұрын (1904-1983) актер, режиссер, Қазақстанның Халық әртісі ОРЕЛ Евгений Ефимович  дүниеге келді.

84 жыл бұрын (1933-1999) балет әртісі, педагог, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Бүкілодақтық классикалық билер байқауының лауреаты  Сара Ыдырысқызы КӨШЕРБАЕВА дүниеге келді.

81 жыл бұрын (1936-1995) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі  Эдуард Қасымұлы АЗНАБАЕВ дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1940) биология ғылымдарының докторы, профессор,  Халықаралық Педагогикалық Білім беру Ғылымдары Академиясының, Халықаралық Акмеологиялық Ғылымдар Академиясының, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі ПАНИН Михаил Семенович дүниеге келді.

62 жыл бұрын (1955) кинорежиссер, продюсер, киносценарист, актер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі  Абай Сәдуақасұлы ҚАРПЫҚОВ дүниеге келді.

57 жыл бұрын (1960) 2016 жылғы 25 наурыздағы алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары Бақытбек СМАҒҰЛ дүниеге келді.

56 жыл бұрын (1961) жазушы, «Тарлан - Үміт» сыйлығының иегері, «Жас өркен» ЖШС-ның директоры  Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК дүниеге келді.

85 жыл бұрын  (1932-1984) француз кинорежиссері Франсуа ТРЮФФО дүниеге келген.

Хабарламаларға жазылу