Бүгін – алғаш рет әуе шары ұшырылған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – алғаш рет әуе шары ұшырылған күн

21.11.2015
Бүгін – алғаш рет әуе шары ұшырылған күн

1783 жылдың 21 қарашасында адам баласы алғаш рет әуе шарымен көкке көтерілді. Адамды ауаға көтеретін ұшу құралын ойлап табу идеясы ағайынды Монгольфьелерге тиесілі. Ең алғашқы мұндай құрылғы 1783 жылдың 5 шілдесінде ұшырылды. Бірақ, оның ішіне қою түтін толтырылған еді және шар адамсыз ұшты.

Ағайындылар жасаған жаңа шар үлкенірек болды. Биіктігі – 22,7 метр, диаметрі – 15 метрге жетті. Шардың төменгі жағына екі адамға арналған дөңгелек пішінді галерея орналастырылды.

Бірақ, Франция королі XVI Луи авторлардың өздерінің ұшуына тыйым салды. Осылайша, ағайынды Монгольфьелер құрастырған әуе шарымен алғаш рет химик Жан Франсуа Пилатр де Розье досы Франсуа д'Арландпен бірге көкке көтерілді.

Ыстық ауа толтырылған шар 1783 жылдың 21 қарашасында Париждің батысындағы де ла Мюэт сарайының  бақшасынан ұшырылады. Әуе шары 25 минут ішінде 915 метрге көтеріліп, кейін Фонтенблодағы жолдардың біріне қонады.

Пилотсыз және пилотты әуе шарларының ұшуы төрт химиктің атымен тығыз байланысты. Олар: Джозеф Блэк, Генри Кавендиш, Джозеф Пристли және Антуан Лавуазье. Бұлардың жұмысы материяның химиялық құрылысын түсінуге жол ашты. Кейін Еуропа елдерінде бірнеше әуе шарлары ұшырылды. Осылайша, адамзат ұшуды үйренді...

Хабарламаларға жазылу