235 жыл бұрын ағылшын астрономы Уильям Гершель Уран планетасын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

235 жыл бұрын ағылшын астрономы Уильям Гершель Уран планетасын ашты

13.03.2016
235 жыл бұрын ағылшын астрономы Уильям Гершель Уран планетасын ашты

1781 жылдың 13-шы наурызында ағылшын астономы Уильям Гершель Егіздер шоқжұлдызын зерттеумен болды. Кешке қарай ол бір жұлдыздың басқасына қарағанда әлдеқайда үлкен екенін байқайды. Гершель бұл жұлдызды комета деп ойлайды. Алайда бірнеше айдан кейін оның комета емес, Күн жүйесінде 7-ші ретпен орналасқан планета екені анықталады.  

Үлкендігі жағынан ол Юпитер мен Сатурннан кейінгі үшінші аспан жұлдызы болып шығады. Гершель өзі ашқан жұлдызды сол кезде Англияны басқарып отырған ІІІ Георгқа арнап «Георга» деп атайды. Бірақ бұл атауды қоғам онша қабылдамай қояды. Осыдан кейін адамдар арасында Уран деген атау тарап кетеді. Жаңа планетаның аты Жер құдайы Гея мен Сатурннан туған Аспан құдайы Уранға арналып қойылады.

Уильям Гершель өзінің ашқан жаңалығы үшін сол жылы Лондонның Корольдік қоғамына мүше болып, Оксфорд университетінің доктор дәрежесін иеленеді. Ал, король ІІІ Георг ғылымға қосқан үлесі үшін Гершельге 200 фунт зейнетақы тағайындайды. 

Хабарламаларға жазылу