Қазақтың жігіті қандай болуы керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың жігіті қандай болуы керек?

05.02.2016
Қазақтың жігіті қандай болуы керек?

Ер-азамат қашанда ерлерге тән қажыр-қайраттың, ерік-жігердің, ақыл-парасаттың иесі болғаны жөн. Азамат тұлғасын ажарландырып, айшықтай түсетін де осы қасиеттер.

Ертедегі азаматтарды мысалға келтірмей-ақ, бүгінгінің де елге үлгі етер ерлері көп. Алдымен, елінің, ата-анасының мақтанышы, жолдастарының алды, соңынан ерген іні-қарындастарына үлгі болып жүргендер аз емес.

Жалпы жігіттің сұлтаны деп кімді айтуға болады? Қазақтың жігіті қандай болуы керек? Заманауи қазақ жігіттері ата дәстүрді қаншалықты біледі? Нағыз қазақ жігіті нені білгені дұрыс?

Бүгін 20:20-да «Айтуға оңай...» ток-шоуы осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітпек.

 

Хабарламаларға жазылу