Таразда Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылды

22.11.2014
Таразда Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылды

Осыған орай бүгін Тараз қаласындағы орталық спорт сарайының алдына даңқты бабамыздың ескерткіш мүсіні қойылды.

Ерекше арехтектуралық шешім көрініс тапқан тас мүсінде толағай денелі даңқты балуанның сом білегімен зіл батпан кір тасын көтеріп тұрған осы бір сәті бейнеленген.

Ескерткіштің ашылуы салтанатына Балуан Шолақ ұрпақтары қатысты.

Жігерлі рух бар жерде жеңіс те бар. Жуырда Алматы қаласында ауыр атлетикадан өткен спорт сайысында қазақтың тағы бір білекті жігіті топ жарды. 

Жасұлан Қыдырбаев әлемдік бәсекенің чемпионы атанды. Даңқты ұл жамбылдықтардың айрықша құрметіне бөленді.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу