Қазақтың жігіті Мәскеуді қалай бағындырды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың жігіті Мәскеуді қалай бағындырды?

07.03.2015
Қазақтың жігіті Мәскеуді  қалай бағындырды?

Арман Дәулетияров – мектепті үздік бітіріп, бала кезінен заңгер болуды армандаған.  30 жылдан бері Мәскеуде тұратын ол бүгінде  танымал Ресей продюсері, «МУЗ ТВ» музыкалық телеарнасының және дәстүрлі «МУЗ ТВ» музыкалық жүлдесінің бас директоры.

«Мәскеулік Шыңғысхан» атағын иеленген Арман Дәулетияров Ұлттық арнаның «Сенбілік кездесуінде» қонақта болмақ. Хабарға Арманның Орынбор облысынан арнайы келген анасы және көптен көріспеген туыстары қатысады. Бұған дейін ешқашан сұхбат беріп, телеэкраннан көрінбеген Айман апай көрермендерге не айтады?

Қазақтың қарапайым жігіті әлсіздікті көтермейтін, жасуды кешірмейтін қаһарлы Мәскеуде неге және қалай қол жеткізді, нені армандайды, алға қойған қандай жоспарлары бар?

Сонымен қатар, сенбілік кеште қонақ болатын Арманның әріптестері мен достары, «А-Студио» тобының мүшесі Байғали Серкебаев және дат орындаушысы Томас Невегрин Арман туралы қандай сыр ашпақ?

Алмас Кішкенбаев пен Жанар Дұғалованы байланыстыратын не? Әуезді әнімен түркі әлемін баурап алған Жанар мен Алмастың талантын бағалаған кім?

Бұл сауалдарға жауап алғыңыз келсе, бүгін 23.00-де «Сенбілік кездесу» бағдарламасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу