Синоптиктердің болжамы бойынша Павлодар облысында аптаның соңына дейін +2 °С-қа дейін күн жылынады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, апта бойы термометр бағамы күндіз 6-8 нөлден төмен көрсетіп тұрса, жұма күні өңірде күн күрт жылынады. Осы аптада Павлодарда күн бұлтты болып, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді деп күтілуде.
«Норвегиялық теңізден соққан циклон шығысқа ығысып, Атлант мұхитынан ылғалды әрі жылы ауа райын әкеледі. Осы циклонға байланысты Қазақстан арқылы ауысатын жылы атмосфера ағымдарының нәтижесінде еліміздің басым аумағында боран соғып, қатты жел соғады. Алдағы үш күнде температура климаттық нормадан 3-7º градусқа жоғары сақталады», - деп жазылған «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз хабарламасында.