Юлия Путинцева теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юлия Путинцева теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

01.02.2016
Юлия Путинцева теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австарлия Ашық чемпионатының үшінші кезеңіне дейін шығып, өз нәтижесін біраз жақсартып алды. Тіпті әлемдік рейтингте 12 саты жоғарылап, 64 орынға көтерілді. Сөйтіп, Юлия Путинцева Қазақстанның №1 теннисшісі атанды.

Осыған дейінгі қазақстанның бірінші теннисшісі атанған Зарина Диас Австарлия Ашық чемпионатындағы сәтсіз ойынынан кейін 12 саты төмендеп,  69 орынға жайғасты. Ал, Ярослава Шведова 13 саты төмендеп, 83 орынға тұрақтады.

 

Фото: rus.azattyq.org

Хабарламаларға жазылу