Үздік теннисшілер тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік теннисшілер тізімі жарияланды

22.09.2015
Үздік теннисшілер тізімі жарияланды

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин АТР сериясының жаңартылған рейтингінде бір саты жоғарылап, 48-орынға тұрақтады. Сонымен қатар,  халықаралық жарыстарды сәтті өнер көрсетіп жүрген Александр Недовесов те өткен аптадағы нәтижесін жақсартты. 

Нәтижесінде ол 114-орынға көтерілді. Тек қана Андрей Голубев бір саты төмендеп, 154-орынға түсті. Ал, әйелдер арасында еліміздің үздік ракеткасы Зарина Диас жаңартылған соңғы тізімде 41-орыннан көрінді. Юлия Путинцева болса, 75-сатыдан 78-ге дейін төмен түсті.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу