«Таңшолпанның» ұлттық өнер мен мәдениеттегі жаңа есімдерді таныстыруды мақсат тұтқан «Жаңа есім» айдарының бүгінгі кейіпкері – Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Ернат Күншібаев.
Ол театрға осыдан екі жыл бұрын келген. Алғаш Тахауи Ахтановтың «Ант» қойылымында Жанарыс батырдың рөлін ойнады. Содан қоюшы-режиссердің назарына бірден ілініп, «Райымбек, Райымбек» қойылымында 18 жасар Райымбектің рөлін сәтті сомдап шығады.
«Бұл рөл оң жамбасыма келді деуге болады. Өйткені, академияда оқып жүргенде дипломдық жұмысымда да батырдың рөлін ойнаған едім. Содан болар, аздап оңайлау болды»,-дейді жас актер.
Ернат Күншібаев Өнер академиясында Асанәлі Әшімовтің курсында оқыған. Өзін жан-жақты қырынан көрсеткен жас актер ұстаздарының көңілінен шыға білген.
Театр режиссері Мұрат Ахмановтың айтуынша, ол Тахауи Ахтановтың «Ант» драмасының қойылымында жарқ етіп көзге түскен.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.