Бүгін халықаралық «The Beatles» күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін халықаралық «The Beatles» күні

16.01.2016
Бүгін халықаралық «The Beatles» күні

Әрине, бұл күн себепсіз таңдалған жоқ. Нақ осы кезде 1957 жылы Ливерпуль қаласында «The Cavern» клубы ашылып, сол кезде аттары беймәлім Джон Леннон, Пол Маккартни мен Джордж Харрисон өздерінің музыкалық карьерасын бастады. Бірнеше жылдан соң, оларға тағы бір болашақ «битл» Ринго Старр қосылды.

Сонымен қатар, 1964 жылдың 16-шы қаңтарында «Cashbox» журналы «I Want To Hold Your Hand» өлеңіне америкалық хит-парадта 1-ші орын берді. Бұл оқиға өлең 10-ақ күн ішінде миллиондық тиражбен сатылып кеткеннен кейін болды.

1963 жылдан бастап бүкіл әлемдегі жастар «The Beatles» тобын қатты жақсы көре бастады. Бұл «битломанияның» шарықтаған шегі болды.

Атақты топ әлем музыкасының дамуына үлкен үлес қосты. Көптеген танымал әнші, композиторлар оларды үлгі тұтқан. «Битлдар» дауысты жазып алу мен клип түсіруде көптеген жаңалықтар енгізді.

Өзінің үйреншікті құрамымен «The Beatles» 8 жыл жұмыс істеп, 13 альбом  шығарды. Олардың әр өлеңі дерлік хит атанды.

Хабарламаларға жазылу