Бүгін халықаралық бағдаршам күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін халықаралық бағдаршам күні

05.08.2015
Бүгін халықаралық бағдаршам күні

Халықаралық бағдаршам күні 1914 жылдың 5 тамызынан бастап тойланады. Сол күні АҚШ-тың Кливленд қаласында қазіргі бағдаршамға ұқсас құрылғы пайда болған. Оның тек қызыл және жасыл шамы бар-тын. Ал, түс ауысқанда дыбыс шығарған.

Негізі, ең алғашқы бағдаршамды ХІХ ғасырда ұлыбританиялық Джей Найт ойлап тапқан. Ол құрылғы 1896 жылы Лондондағы парламент ғимаратының қасына орнатылған еді. Алайда, үш жылдан кейін оның шамы жарылып, полицей қызметкерін жаралаған.

Тек 1910 жылы алғашқы екі түсті (қызыл және жасыл) автоматты бағдаршам жасалып, патенттелді. Біз білетін үш түсті бағдаршамдар 1920 жылы АҚШ-тың Детройт пен Нью-Йорк қаласында жұмыс істеп тұрған.

Ал, Қазақстанда ең алғашқы бағдаршам 1938 жылы Қазақ КСР-дің астанасы Алматыда Красноармейск (қазіргі Панфилов) пен Гоголь көшелерінің қиылысында орнатылған. Ол кезде қалада 8 мыңға жуық көлік бар еді.

Хабарламаларға жазылу