Биыл «Жаңа толқын» ән байқауына Қазақстан атынан «Сарын» дуэті қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл «Жаңа толқын» ән байқауына Қазақстан атынан «Сарын» дуэті қатысады

20.04.2016
Биыл «Жаңа толқын» ән байқауына Қазақстан атынан «Сарын» дуэті қатысады

Биыл «Жаңа толқын» ән байқауына Қазақстан атынан «Сарын» дуэті қатысады. Іріктеу сайысы Мәскеуде 18-19 сәуірде өткен еді. Оған әлемнің әр елінен 100-ге жуық конкурсант қатысты.

«Сарын» дуэті (Алтынай Төлембетова мен Берік Бердекеев) The Beatles тобының Back in the U.S.S.R, Meghan Treinor & John Legend I gonna lose you, А-Студио тобының «Стоп, ночь» әнін және «Мәңгілікке» авторлық әнін орындады.

«25 мамырға дейін біз байқау продюсерімен ән репертуарын талқылайтын боламыз. Мүмкін жартылай финалда орындалған әндер қалатын шығар, мүмкін толық өзгеретін шығар. Оны әлі білмейміз. Конкурста Виктор Дробыштың шығармаашылығына арналған күн болады. Онда біз «Новая волна» өнерпаздарымен қосылып айтуымыз керек», - деді Д.Өтеген.

Байқау 3-8 қыркүйек аралығында Сочиде өтеді.

2015 жылы Қазақстанның атынан өнер көрсеткен Ademi 2-ші орынды, The Voice тобы 6-шы орынды иеленген еді.

Хабарламаларға жазылу