Павлодар қаласындағы Дерибас көшесіне Кеңес Одағының батыры Құдайберген Сұрағановтың есімі беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласындағы Дерибас көшесіне Кеңес Одағының батыры Құдайберген Сұрағановтың есімі беріледі

12.01.2016
Павлодар қаласындағы Дерибас көшесіне Кеңес Одағының батыры Құдайберген Сұрағановтың есімі беріледі

Еске сала кетейік, былтырғы жылы Павлодар қалалық «Қазақ тілі» қоғамының бір топ мүшелерінен өтініш түскен болатын. Осыған орай «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді. Бұл мәселені Павлодар қалалық мәслихатының комиссиясы қарастырып, қала тұрғындарының қатысуымен өткізілген көпшілік тыңдауда мәслихаттың тұрақты комиссия мүшелері ұсынысты бірауыздан қолдады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Құдайберген Сұрағанов 1921 жылы 25-мамырда Качир ауданында дүниеге келген. 1342 жылы майданға аттанып, Сталинград түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, госпитальда болды. Кейін Сұрағанов Беларусь, Литва, Польшаның көптеген қалалары мен ауылдарын азат етуге қатысты. 1946 жылы оған Кеңес Одағының батыры атағы, Ленин, Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі және екі Қызыл Жұлдыз ордендері берілді.

«2015 жылы 18-қыркүйекте қалалық мәслихат шешім қабылдады. 22-қазанда құжаттар республикалық ономастикалық комиссияға жіберіліп, тиісті жауап келді, - деп есеп берді бүгінгі Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов.

Хабарламаларға жазылу