Таразда Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу кеші өтті

07.05.2019

Батырдың туғанына 95 жыл толуына орай қаладағы көшелердің біріне оның есімі беріліп, ескерткіш тақта орнатылды. «Ғұмыры терең тарихи тұлға» атты патриоттық кеште армия генералының ерлігі мен өнегелі өмір жолы сөз болды. Сағадат Нұрмағамбетов елімізде заманауи Қарулы Күштердің іргетасын қалауға бар күш жігерін жұмсады. Ел үшін қиын-қыстау кезеңде әскерді басқара отырып, оның қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосты.

Асылбек Өмірзақов, С.Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қордың қызметкері:

- Бұл кісі шаруа отбасында туып, үлкен дәрежеге жеткен адам. 19 жасында соғысқа қатысып, 21 жасында Кеңес Одағының Батыры атанған. Қордың көмегімен Тараз қаласындағы мектеп пен 13-ші мөлтек ауданындағы жаңа көшеге батырдың аты берілді.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу