Ресейдегі қазақ диаспорасының балалары арасында «Ғарыш» тақырыбына арналған сурет байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі қазақ диаспорасының балалары арасында «Ғарыш» тақырыбына арналған сурет байқауы өтті

25.04.2016
Ресейдегі қазақ диаспорасының балалары арасында «Ғарыш» тақырыбына арналған сурет байқауы өтті
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Мәскеу қаласындағы ғарышкерлік музейінде өтті. Шараны Астрахан, Қазан, Омбы және Санкт-Петербург шаһарларындағы консулдық мекемелердің көмегімен, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ұйымдастырды.

Байқауға 14 жасқа дейінгі қаракөздер қатысып, қазылар алқасы 27 жұмыстың арасынан ең үздік деген 12 суретті таңдап алды. Ресейдің әр аймағынан келген балалар, Кеңес Одағының Батыры Александр Лавейкинмен кездесіп, ғарышкердің әңгімесін тыңдады.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу