Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысының 222 ардагері бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысының 222 ардагері бар

08.05.2023

Қазақстанда екінші жүниежүзілік соғысының 222 ардагері бар. Сондай-ақ, екінші дүние жүзілік соғыс кезінде жараланған және жеңіске үлес қосқан 60 мыңнан астам адам тұрады. Ұрыс даласына қазақ елінен 1 млн 200 мыңнан астам адам шақыртылған. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Оның төртеуі бұл атақты екі мәрте иеленді. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Соғысқа шақыртылғандар – 1,2 млн

Қаза тапқандар – 600 мың

Орден, медаль алғандар – 100 мың

Кеңес одағының батыры атанғандар – 500

Екі мәрте кеңес одағының батыры атанғандар – 4

ІІІ дәрежелі даңқ орденімен марапатталғандар - 110

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу