Семейде Алаш арыстарына көше аттары беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Алаш арыстарына көше аттары беріледі

29.11.2021

Семейде Алаш арыстарына көше аттары беріледі. Шаһарда 56 көшенің аты өзгереді. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында депутаттар идеологиялық тұрғыдан аты ескірген, мағынасыз атауларды ауыстыру жайлы шешім шығарған. Енді көшелерге Алаш көсемі-Әлихан Бөкейханов, Кеңес Одағының батыры- Рақымжан Қошқарбаев, Желтоқсан көтерілісінің құрбаны-Сабира Мұхаметжанова сынды белгілі тұлғалардың есімі беріледі.

Сондай-ақ көшелердің бірі қазақтың «Левитаны» атанған радио жүргізушісі, майдангер, Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың атымен аталмақ. Мұндай ұсыныс қала тұрғындарынан түскен. Болашақта Семейде Паравозная, Подхозная, Водная, Амбулаторная сынды мағынасыз қаптап жатқан көшелердің атаулары да біртіндеп ауыстырылмақ.

Әйгерім Байжұманова,  Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:
Республикалық комиссиядан оң шешім алған көшелер ғана қайта аталатын болады. Аталған көшелердің басым көпшілігі идеологиялық тұрғыдан ескірген. Мән мағынасыз көшелер. Соларды өзіміздің ұлттық танымға жақын тарии атаулармен және өзімізге белгілі тұлғалардың аттарын беріп, тарихымызды Тәуелсіз мемлекет ретінде өскелең ұрпаққа насихаттап отырмыз.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу