«Mobilex Racing» командасы сапында «Toyota» көлігімен сынға түскен қазақстандық жүргізуші Қанат Шагиров пен штурман Виталий Евтехов «Africa Eco Race-2016» ралли-марафонында жеңіске жетті.
Сайыстың соңғы 12-ші кезеңінде спортшылар 295 шақырымдық жол жүріп өтті. Бұл кезеңде франциялық Филипп Госселен мен Паскаль Винсент (Optimus MD) экипажы 1-ші келді. Алайда, бұл жарыстың қорытынды нәтижесіне әсер еткен жоқ.
Осылайша Марокко, Мавритания мен Сенегал территориясында өткен жарыста Қанат Шагиров пен Виталий Евтехов абсолютті есеп (жүк және жол талғамайтын көлік) бойынша жеңіске жетті. Әлемдік доданың абсолютті есебінде 2-ші орынды франциялық Паскаль Томассе мен Паскаль Лароктың (Optimus MD) экипажы иеленсе, қола жүлдені тағы бір франциялық Матье Серрадори мен Дидье Акет (Proto) жұбы алды.