Колумбия университетінің Жоғары журналистика мектебі экономика және іскерлік журналистика бойынша Knight-Bagehot шәкіртақы бағдарламасына өтініштер қабылдауды жалғастыруда.
Бағдарлама мақсаты – бизнес, экономика және қаржы тақырыптарын тереңнен түсіндіру.
Үміткерлер Колумбия университетінің журналистика, бизнес, құқық және халықаралық қатынастар факультеттерінде оқиды. Сондай-ақ, әртүрлі корпорация басқарма мүшелері, экономистер мен ғалымдардың қатысуымен өтетін семинарларға қатысып, брифингтерге баруға, Нью-Йорктің медиакомпаниялары мен қаржы ұйымдарына сапар шегуіне рұқсат етіледі.
Бағдарлама тамыз айында басталып, мамырда аяқталады. Жыл сайын 10 үміткерге шәкіртақы тағайындалады.
Үміткерлер тегін білім алып қана қоймай, олардың шығындары да төленеді. 2016-2017 оқу жылында әрбір қатысушыға 55 000 АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы беріледі. Сонымен қатар, университет қалашығында тұруына болады.
Айта кетейік, өтініштер 1 наурызға дейін қабылданады.
www.ijnet.org
ФОТО: www.mediahubble.ru