Мәдениет министрлігінде - жаңа басшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет министрлігінде - жаңа басшы

16.03.2014
Мәдениет министрлігінде - жаңа басшы
Осы сәрсенбіде Ақорда жақтан Жарлық шығып, бірді-екілі ауыс-түйіс болды. Бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттiң кеңесшiсi болып тағайындалып, Ақордаға қайта барды.
 
Ал атауы өзгеріп, жеке-дара қалған Мәдениет министрлігінде - жаңа басшы. Ол - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының бұрынғы ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.
 
Жаңа министр алғашқы еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы филармонияның мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі болып бастаған. Әр жылдары Мәдениет министрлігінде маман, министрдің көмекшісі, вице-министр қызметін атқарған.
 
Бір кездері Президент оркестрінде де жұмыс істеген. Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі мәдениет секторының меңгерушісі де болған. Кейін ректорлық қызметке ауысты.
 
Жаңа министрді Үкімет басшысы Серік Ахметов ұжымына таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Хабарламаларға жазылу