Еуропарламентке жаңа басшы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропарламентке жаңа басшы тағайындалды

18.01.2017
Еуропалық парламенттің жаңа төрағасы болып Антонио Таяни сайланды. Еуропалық халық партиясы фракциясының өкілі Страсбургте өткен Ассамблеяның жалпы отырысында депутаттардың басым дауыс беруімен жеңіске жетті. Оңшыл партияның кандидаты 4-ші раундта италиялық социалист Джанни Пителлуден басым түсті.

63 жастағы Антони Таяни бұған дейін Еурокомиссияның вице-президенті, өндіріс және кәсіпкерлік жөніндегі еурокомиссар қызметін атқарған.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу