Алжирдегі мұнай өңдеу зауытында болған жарылыстан кемінде 10 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алжирдегі мұнай өңдеу зауытында болған жарылыстан кемінде 10 адам мерт болды

05.01.2016
Алжирдегі мұнай өңдеу зауытында болған  жарылыстан кемінде 10 адам мерт болды

Қайғылы жағдай Алжирдің шығысында орналасқан Скикда қаласындағы Sonatrach компаниясының мұнай өңдеу зауытында болған. Өрттің салдарынан зауытта жарылыс болып, кемінде 10 адам қаза болды. 

Бұл туралы Алжирдің «Ан-Нахар» телеарнасына сілтеме жасай отырып, Parisien басылымы хабарлады.

Басылымда әзірге өрттің не терактінің не техникалық ақаулардың салдарынан пайда болғандығы жөнінде қандай да бір мәлімет жоқ. Бұл оқиғаға қатысты билік өкілдері де әзірге ешқандай мәлімет таратпастан үнсіз отыр.

Хабарламаларға жазылу