Тәжікстанның мұнай базасында үлкен жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстанның мұнай базасында үлкен жарылыс болды

14.10.2015
Тәжікстанның мұнай базасында үлкен жарылыс болды

Душанбе маңындағы Арбобхотун ауылында орналасқан мұнай базасында болған жарылыстан 4 адам мерт болды.
Бұл туралы Тәжікстан Ішкі істер министрлігі хабарлады.  

Ведомство мәліметтерінше, кеше кешкісін техника қауіпсіздігін орындамаудың салдарынан «Газпромнефть-Тәжікстан» компаниясы жалға алған «Бафоев Гайбулло» жабық акционерлік қоғамындағы желімдеу жұмыстарының барысында жарылыс болды.   

«Аталмыш кәсіпорынның 4 қызметкері мерт болып, тағы бірнеше адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті»,-делінген хабарламада.

Бұл туралы www.segodnya. хабарлады.



 

Хабарламаларға жазылу