Кабулде университет жанында болған жойқын жарылыстан 8 адам қаза тапты

19.07.2019

Ауғанстан астанасы Кабулде университет жанында болған жойқын жарылыстан кемінде 8 адам қаза тапты. Тағы 33-і жараланып, ауруханаға жеткізілді. Полицияның хабарлауынша, оқу мекемесінің жанындағы автокөлікте магнитті бомба іске қосылған. Бұл уақытта ғимарат алдында бір топ студент емтихан тапсыру үшін кезек күтіп тұрыпты. Сонымен қатар, оқиға орнынан тағы бір жарылғыш затты анықтаған мамандар оның жарылуына жол бермеді. Әзірге бұл әрекеттерге жауапкершілікті ешқандай топ өз мойнына алмады.
Ал, бейсенбі күні Қандағарда полиция басқармасының алдында болған жарылыстан 12 адам мерт болып, 80-нен астамы зардап шекті. Содырлар күзет қызметінің екі көлігінде бомба жарып, тәртіп сақшыларына қарсы оқ жаудырған. Бұған жауапкершілікті «Талибан» өз мойнына алды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу