Тайваньда мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваньда мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

29.01.2018

Бүгін Тайванның солтүстігіндегі мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды. Дегенмен, құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Оқиға Таоюань деген қалада болды. Жарылыстан мемлекеттік кәсіпорын отқа оранып, айналаны қара түтін басты. Өртті сөндіру үшін ондаған құтқарушы шақыруға тура келді.

Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз. Бірақ, кейбір болжамдарға қарағанда, зауыттағы құбырлардың бірі жарылса керек. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл өндіріс ошағы желтоқсанның 25-і мен қаңтардың 27-і аралығында жөндеу жүргізілгендіктен, бір айдай жабық жабық тұрған.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу