Джакартада фейерверк зауытындағы жарылыстан 30 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джакартада фейерверк зауытындағы жарылыстан 30 адам қаза тапты

26.10.2017

Индонезия астанасы Джакартаның батысындағы фейерверк зауытында өрт шығып, жарылыс болып, кемінде 30 адам қаза тапты. Тағы ондаған кісі жараланған. Мұны бүгін осы қаланың әкімшілігі хабарлады.

Куәгерлердің сөзінше, бірінші жарылыс жергілікті уақытпен таңғы сағат 10-да,  екіншісі арада үш сағат өткенде болды. Алапат дүмпудің жаңғыры бірнеше шақырымға жеткен. Мерт болғандардың денесі зауыт қоймасынан табылған. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, отқа оранған кәсіпорын екі ай бұрын ғана іске қосылған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу