Теміржолшылар бір тәулікте темір жол бойынан 32 мың текше метр қар шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржолшылар бір тәулікте темір жол бойынан 32 мың текше метр қар шығарды

30.12.2015
Теміржолшылар бір тәулікте темір жол бойынан 32 мың текше метр қар шығарды

Солтүстік, шығыс, батыс өңірлердегі қалың қар, секундына 30 метрге дейінгі жылдамдықтағы боранмен қатар көтерілді. Бір күнде айлық нормадағы қар түсті.

Жол бойындағы қарды аршуға 147 қар тазалаушы арнайы техникалар жұмылдырылды. Екі мыңнан астам еңбеккер қармен арпалысуда.  Өткен тәулікте жол бойынан 32 мың текше метр қар шығарылды.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының аймақтық кәсіпорындары мен желілерінде  тәулік бойына кезекшілік қойылды. Қайта қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары штаттан тыс жағдайға келтірілді.

Қармен күрес жұмыстары жалғасуда. Темір жол көлігінде қалыпты жағдай. Қар түсуінің тым көптігіне қарамастан, барлық бағыт бойынша пойыздар кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Хабарламаларға жазылу