Шығыс Қазақстанда 20 мың текше метр қар түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 20 мың текше метр қар түсірілді

08.01.2024

Шығыс Қазақстан облысында «Қазселден» қорғау филиалының мамандары жол бойындағы қауіпті аумақтардағы қарды жарылыс жасап құлатып жатыр. Осы жолы Өскемен-Таулы үлбі бағытындағы беткейден 5 мың текше метр қар түсірілді. Өскеменге жақын бұл аумақта туристік нысандар және шаңғымен сырғанауға арналған бірнеше құлама беткей бар. Қар көп түсетіндіктен көшкін қаупі де жоғары. Сондықтан мамандар үнемі бақылауда ұстап, дүркін-дүркін жасанды жарылыс арқылы қарды құлатып отырады. Жалпы шығыста 500-ге жуық қар көшкіні түсетін қауіпті аумақ болса, оның үш жүзден астамы қыста бақылауда болады.

Советбек Стамбеков, «Қазселденқорғау» РМК ШҚО Филиалының басшысы:

Бүгінгі таңда қар көшкінінің алдын-алу үшін филиал мамандары ТЖД біріге отырып 12 жарылыс жұмысын жүргізіп 20 мың текше метр қар түсірілді. Осы аталған жұмыстар қар көшкіні аяқталғанша жалғаса беретін болады.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу