Талдықорғанда қар қалыңдығы 25 саниметрге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда қар қалыңдығы 25 саниметрге жетті

12.12.2023

Талдықорғанда үш күннен бері жауған қар қалыңдығы 25 саниметрге жетіп, шаһардың коммуналдық қызметінде қарбалас басталды. Жұмысшылар бір тәулікте 1500 текше метр қар шығарды. Биыл/ облыс орталығының жолдары мен көшелерін қысқы мезгілде күтіп ұстауға 80-нен астам техника мен 200-ге жуық адам жұмылдырлған. Қажетті мөлшерде инертті материал дайындалып, оларды жолдарға шашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Десе де, коммуналдық қызмет үлгермей жатыр.

Нұрбақыт Алтынбеков, қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы:

Әлі қар күрелмеген жерлер бар. Қазір бізде қала күннен күнге өсіп жатыр ғой. Саяжайларда асфальт, бетон төсемі төселді. Қала өскен сайын техника жетіспеу бар. Бірақ үлгеріп жатырмыз. 


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу