Петропавлда еріген қар суы үйлерге кіре бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда еріген қар суы үйлерге кіре бастады

27.03.2023

Петропавлда еріген қар суы үйлерге кіре бастады. Бұл Жұмысшы кентінде түсірілген бейнежазба. Аталған ауданның орталық көшелерінде ғана суағарарлар бар. Шеткі аудандарда жолдар мен кейбір үйлердің аулалары шалшыққа айналған. Демалыс күндері ауа температурасы көтеріліп, қар күрт ери бастады. Өткен тәулікте коммуналдық мекемелер қала көшелерінен 20 мың текше метр суды сорды. Тасқынға қарсы шаралар күндіз-түні жүргізілуе. Жанар-жағармай мен инертті материалдар қоры әзірленді. Үш мектепте эвакуациялық пункт әзірленді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу