Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде электронды билет қолданысқа енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде электронды билет қолданысқа енеді

29.12.2015
Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде электронды билет қолданысқа енеді

2016 жылы шымкенттік қоғамдық көліктерде жол ақысын қолма-қол емес, электронды карточка арқылы есеп айырысады, деп хабарлайды otyrar.kz.  Бүгінде қалалық әкімдіктің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі осы жобаны іске асыру жолдарын қарастырып жатыр. Қоғамдық көліктерде электронды карточка жүйесін енгізу ұсынысын инвесторлар жүзеге асырмақ.

Қоғамдық көліктерде электронды карточка жүйесін енгізу ұсынысын Оңтүстік Кореяның «Смарт карт» компаниясы ұсынып отыр. Сала мамандарының айтуынша, шетелдік инвесторлардың өкілдері шаһарға 2016 жылдың басында келіп, зерделеу жұмыстарын жүргізбек. Ал қазіргі уақытта электронды жүйенің үш түрі қарастырылып жатыр.

Естеріңізге салайық, еліміздің ең үлкен қаласы Алматыда жол ақысын төлеу осы жүйемен жүзеге асады. Алайда, жолаушылар көптеген қиындықтарға тап болғанын жасырмайды.

Жоба жасаушылардың айтуынша, Шымкентте Алматыдағыдай қиындық бола қоймайды. Себебі ол жақтағы жүйе коммуналдық меншікте жүзеге асқан. Ал, Шымкенте іске асқалы отырған электронды карточкалар инвестордың есебінен жасалады.

 

Хабарламаларға жазылу