Астана әкімдігі биылғы жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімдігі биылғы жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады

28.12.2015
Астана әкімдігі биылғы жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады

Отырыс барысында қаланың экономикалық дамуын сипаттайтын негізгі индикаторлар мен көрсеткіштердің артқаны атап көрсетілді. Бұл өңірлер арасында көш бастауға мүмкіндік берді.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ғана жалпы өңірлік өнім өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,3 пайызға ұлғайды. Оның республикалық көлеміндегі үлесі 10,8 пайызды құрады. 2015 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар 16 пайызға артты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 5,4 пайызға өсіп, 273,9 млрд. теңгені құрады, бұған өңдеуші өнеркәсіпте өнім өндірудің 5,7 пайызға ұлғаюы септігін тигізді. Төрт ірі өнеркәсіптік зауыт ашылды.

2015 жылы елордада 1,5 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2014 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 1,6 есе артық. Төрт мектептің, жеті балабақшаның және бес денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға дейін төмендеді. Бұл еліміздегі үздік көрсеткіш. Сонымен қатар, салық салу базасының ұлғаюы, шағын және орта бизнес саласының дамуы және т.б. атап көрсетілді.

Хабарламаларға жазылу