«105» анықтама қызметіне тікелей ұялы телефон арқылы хабарласуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«105» анықтама қызметіне тікелей ұялы телефон арқылы хабарласуға болады

18.09.2014
«105» анықтама қызметіне тікелей ұялы телефон арқылы  хабарласуға болады

2014 жылдың қазан айынан бастап, республикалық «105» анықтама қызметіне ұялы телефон арқылы хабарласуға болады.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Транстелеком» АҚ бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталығының басшысы Людмила Ким мәлімдеді.  

Оның айтуынша, қыркүйек айының соңына дейін бұл мәселе толығымен шешіледі.

«Бұл қызмет ұялы байланыс операторлары үшін ақылы болады. Ал, абоненттер үшін баға  анықталу үстінде. Қалай болғанда да, анықтама қызметіне  ұялы телефон арқылы ешқандай кодсыз хабарласуға болады»,  - деді Л. Ким. 

Сонымен қатар, орталық басшысы  тұрғындар үшін жаңа қызметтердің қолға алынып жатқандығын жеткізді.

«Биылғы жылдың соңына  дейін «105» қызметі әуе тасымалы мен автовокзалдар бойынша да ақпараттар бере бастайды. Ал, 2015 жылдың орта кезінен бастап, теміржол билеттерін броньдау бойынша да қызмет көрсетіледі» - деді Л. Ким.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу