Facebook әлеуметтік желісін 1,32 миллиард адам пайдаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook әлеуметтік желісін 1,32 миллиард адам пайдаланады

25.07.2014
Facebook әлеуметтік желісін 1,32 миллиард адам пайдаланады

Facebook әлеуметтік желісін қолданушылар саны 1,32 миллиард адамға жетті. Бұл туралы Facebook-тің ресми сайты мәлімдеді. Facebook  желісіне соңғы 3 айда 40 миллион қолданушы тіркелген.

Facebook әлеуметтік желісін ұялы телефон арқылы 1 айда 1,07 миллиард адам қолданады екен. Ал, 1 айдың ішінде 654 миллион адам пайдаланады. Ұялы телефон арқылы пайдаланушылардың саны өткен жылғымен салыстырғанда 41 пайызға артқан.

Қазіргі таңда Facebook желісінің ұялы байланыс құралы арқылы қолданушыларға барлық мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ, Facebook компаниясының құрамында ұялы телефон арқылы қолданылатын WhatsApp және Instagram әлеуметтік желілері бар.

Хабарламаларға жазылу