«Жалғыз рейнджер» фильмі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жалғыз рейнджер» фильмі

27.12.2015
«Жалғыз рейнджер» фильмі

«Жалғыз рейнджер» - әділдік үшін күресуші, қызылтерілі Тонтоның көмегімен атақты бетперделі кек алушыға айналған заң сақшысы Джон Ридтің хикаясы.

Ортақ жауымен тізе қосып шайқасуы үшін тағдыр қосқан, бір-біріне ұқсамайтын кейіпкерлердің бастан кешкен шытырман оқиғаларын Тонто қызықты етіп, әсірелеп айтып береді.

Алғашқы шойын жолдардың әлемдегі өктемдік туралы түсінікті өзгерткен дәуірінде олардың ашкөздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруларына тура келеді.  

Джонни Депп, Арми Хаммер, Том Уилкинсонның шеберлігін бүгін Ұлттық арнадан сағат 23:05-те тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу