«Qazaqstan» телеарнасы «Әлемдік туындылар» апталығын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» телеарнасы «Әлемдік туындылар» апталығын ұсынады

27.12.2021
«Qazaqstan» телеарнасы «Әлемдік туындылар» апталығын ұсынады

Жаңа жыл қарсаңында «Qazaqstan» телеарнасы «Әлемдік туындылар» апталығын ұсынады. 31 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында Ұлттық арна эфирінен әйгілі жаңажылдық комедия «Үйде жалғыз қалғанда» («Один дома») фильмінің 5 бөлімі мен әлемдік бестселлер, уақыт үстемдігіне бағынбайтын «Титаник» фильмі алғаш рет қазақ тілінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, «Disney»-дің әйгілі «Мұзды өлке», «Джунгли кітабы», «Күлше қыз», «Малефисента» туындылары мен «20th Century Studios» киностудиясының «Мұз дәуірі» мультфильмінің 2 бөлімі және «Warner Bros.» студиясының «Смолфут» анимациялық фильмі көрермен назарына ұсынылмақ.

«Qazaqstan» телеарнасы 2012 жылдан бері «Disney» компаниясының алтын және платина коллекциясынан 50-ге жуық туындыны аударып шықты. Бұл – ТМД елдері телеарналарының ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар, «Marvel», «Disney», «DreamWorks», «PIXAR» және т.б. әлемдік киностудия туындылары «Qazaqstan» телеарнасынан демалыс күндері 14:00-де көрсетіліп келеді.


Qazaqstan Әлемдік туындылар Үйде жалғыз қалғанда Титаник Мұзды өлке Джунгли кітабы Күлше қыз Малефисента Disney Мұз дәуірі

Хабарламаларға жазылу