Адам Сэндлер «артық ақша» төленген актерлердің тобын бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам Сэндлер «артық ақша» төленген актерлердің тобын бастап тұр

24.12.2014
Адам Сэндлер «артық ақша» төленген актерлердің тобын бастап тұр

Forbes журналының нұсқасы бойынша Голливуд актері Адам Сэндлер осымен екінші жыл қатарынан «артық ақша» төленген актерлердің көшін бастады.

Екінші орында – Джонни Депп. Ал, Бен Стиллер үздік үштікті түйіндейді.

«Біздің бағалауымызша, Адам Сэндлерге төленген әрбір АҚШ долларының ол 3,2 долларын ғана қайтарған. Бұл – өте төменгі көрсеткіш», - деп мәлімдеді Forbes.

Журнал актерлік еңбек индексін басты рөлді сомдаған Голливуд жұлдыздарының гонорары мен  2014 жылдың маусым айына дейін шыққан 3 фильмнен жиналған касса мөлшері негізінде шығарып отыр.

Ал, Джонни Депп сомдаған «Жалғыз рейнджер» мен «Қараңғы көлеңкелер» фильмі көрермендер көңілінен шыға қоймаған. Нәтижесінде, актер оған төленген гонорардың 4,1 АҚШ долларын ғана ақтаған екен.

Сондай-ақ, Бен Стиллер де оған төленген ақшаның 4,8 долларын «қайтарған».

Хабарламаларға жазылу