Жаңбыр туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңбыр туралы қызықты деректер

20.12.2015
Жаңбыр  туралы қызықты деректер

Португалдықтар  егер жаңбыр жауып тұрса, жұмысқа бармайды. Олар үшін бұл салмақты себеп. Елдегі шағын ғана Пара қаласында жаңбыр жауғандағы уақытқа қарап, сағат  уақытын түзетуге болады. Себебі, бұл қалада жауын күнде тек бір уақытта жауады.

Жаңбырдың иісі болмайды. Бұл иісті циано және актинобактериялар шығарады. Адамдар арасындағы «жаңбырдың иісі» тіркесінің еш негізі жоқ.

Уганда мемлекетінде найзағайлы жауын жылына 250 рет жауады.

Егер сіз шөл далада жүргенде жауын жауса, оны сіз сезбей де қаласыз. Себебі, жердің ыстығынан жауын тамшылары жерге жетпей, кеуіп кетеді.

XVII ғасырда Ұлыбритания үкіметі «Жаңбыр туралы заң» қабылдаған. Заңнамаға сай,  егер ауа райын болжаушы жауын жауатынын қате айтса, оны дарға асқан.

Қарапайым жаңбырдың қышқылдылығы - ph=5,6. Егер бұл сан төмен болса, демек ол жаңбыр – қышқылды.

Үндістанда әлемдегі ең жауынды жер саналатын қала бар. Черапунджи қалашығында жылына 26460 мм жауын-шашын түседі.

Жердің шамамен әрбір жүз миллионыншы тұрғыны жауынға қарсы аллергиядан зардап шегеді.

Ең «ауыр» бұршақ 1986 жылдың көктемінде Гопаландж  қаласында (Бангладеш) түсті. Бір түйір бұршақтың салмағы бір келіден асқан. Сол жылғы бұршақтан 92 адам қаза тапқан.

Хабарламаларға жазылу