16 мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасалуы мүмкін
Елімізде 16 мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасалады. Олардың 5 мыңға жуығы бостандыққа шықса, тағы 10 мыңнан астам адамның жаза мерзімі қысқарады. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілі айтты. Заң бойынша жеңіл және ауырлығы орташа қылмыс жасап, келтірілген шығынды толық өтегендерге кешірім беріледі. Ал адам өлтіргендер, педофилдер, азаптаушылар, террористер мен жемқорлар амнистияға ілікпейді. Сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мен мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіргендерге де кешірім жоқ. Құжатта түрмеден шыққан соң барар жері жоқ, өзін-өзі күте алмайтын жандарға әлеуметтік көмек көрсету жағы да қарастырылған. Оларды жұмысқа орналастыру міндеті тікелей жергілікті әкімдіктерге жүктелмек.
Рлан Төлепов, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арнайы есепке алу бөлімінің бастығы:
5 мың адам қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде отырғандар. Ал 10 мыңы сотталған пробация есебінде тұрғандар. Сонымен қатар, алдын ала тергеуде жүрген 1500 адамға рақымшылық қолданылады. Жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына 1 жылдан аз уақыт қалған сотталушылар толық босатылады
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы