Таэквондо – шығыс жекпе-жегі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таэквондо – шығыс жекпе-жегі (ВИДЕО)

14.12.2015
Таэквондо – шығыс жекпе-жегі  (ВИДЕО)

Қазақтың баласына жекпе-жектің кез келген түрі жат емес. Шығыстың жекпе-жек өнері саналатын таэквондо ұрыстық спорттың бірі. XX ғасырдың II жартысында пайда болған аталмыш спорт елімізге Тәуелсіздіктің таңы атқан тұста келді.

Расул Рамазан – таэквондодан Астана қаласының чемпионы. Оның шығыс жекпе-жек өнерімен айналысқанына көп уақыт болмаса да, топ жарып, көзге түсіп үлгерді.

«Бұған дейін қаланың чемпионы болдым. Арманым – ұшқыш болу. Таэквондамен айналысуым ұшқыш болуыма ықпалын тигізеді, деп ойлаймын»,-дейді жеткіншек.

Таэквондоның өзге спорт түрлерінен ерекшелігі – спортшының аяғы мен қолы қатар жұмыс істейді. Және жарыс ережесіне сай келетін әдістерді пайдалана отырып, жеңіске жетуінде. Таэквондошы әрқашан өзіне сенімді, салқынқанды, сабырлы. Қандай әрекет жасаса да, ойланып істеуі тиіс.

Кезінде Мұстафа салған сара жол бүгінгі ұрпаққа даңғыл жол болары анық. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу