«Суши» сөзі қандай мағына білдіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Суши» сөзі қандай мағына білдіреді

13.12.2015
«Суши» сөзі қандай мағына білдіреді

Бұрындары «суши» атауы тағамның атын емес, балықты сақтау әдісі ретінде қолданылған сөз.  17 ғасырдан бастап бұл атау тағам аты ретінде  қолданысқа енген.  Сушидің дұрыс атауы суси. Бұл өнім 1900 жылы пайда болған. Жапондық Йохей есімді шебер тағам әзірлеу үшін шикі балықты пайдалана отырып күріш қосқан.

Қазіргі кезде  суши әзірлеу үшін жиі қолданылатын балық түрі ол тунец. Жапонияда бұрындары бұл балық түрі аса бағалы болмаған, тек тағам әзірлеген кезде  төменгі қабатына жағылған.

Кез келген Жапон елінің тұрғыны егер суши жаңадан ұсталған балықтан жасалмаса сапасыз деп санайды.  Сонымен қатар сушимен бірге зімбір (имбирь) беріледі. Себебі  зімбір суши түрлерінің дәмдерін бейтараптандырады. Сушидің бір түрінен дәм татқаннан кейін зімбірді жеп барып қана, келесі түріннің дәмі сезіледі. Осы арқылы сушидің нағыз дәмін бағалауға болады.

Жапония елінде сушиді тек ер адам әзірлеу керек деген үрдіс қалыптасқан. Суши дайындаудан шебер болу үшін кемінде 5 жыл дайындалу керек. 2 жыл күрішті қалай дайындау керегі үйретілсе,  қалған 3 жылда  балықты әзірлеу қыр-сырын үйренуге жұмсалады.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді. 

Хабарламаларға жазылу