Жолақыны төлеу үшін турникеттегі ридерге контактісіз банк карточкасын бір рет тигізсеңіз, жеткілікті.
Айта кетейік, Алматы метрополитені - бұл технологияны енгізген әлемдегі бесінші мерополитен.
Байланыссыз карточкаларды қабылдайтын жабдықты сатып алу, жеткізу, құрастыру және оларға сервистік қызмет көрсетуді, сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдерге эквайринг қызметтерін «АТФБанк» АҚ қамтамасыз етеді.
Жолаушылар жолақыны байланыссыз банк карточкалары арқылы, мысалы MasterCard®, Maestro® немесе MasterCard байланыссыз технологиясымен жабдықталған смартфондар, қол сағаттары секілді басқа да құрылғылар арқылы арнайы турникеттерде төлей алады. Ақша сары жетон арқылы бір жолақының құны мөлшерінде (80 теңге) карточка иесінің шотынан автоматты түрде алынады. Төлем жасағаннан кейін индикатор жасыл белгіні көрсетеді, бұл «өтуге болады» дегенді білдіреді.
MasterCard байланыссыз карталары арқылы жолақыны төлеу ережелерімен толығырақ metroalmaty.kz сайтынан таныса аласыз.