Басты Жаңалықтар Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздің көлік саласының әлеуетін дамыту мәселесі талқыланады

Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздің көлік саласының әлеуетін дамыту мәселесі талқыланады

Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздің көлік саласының әлеуетін дамыту мәселесі талқыланады

Жиын 2015 жылдың 9 желтоқсанына жоспарланған. Шараны елордадағы Бейжің сарайында Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, «Темір жол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырады.

Конференцияны ұйымдастырудағы мақсат – Қазақстан арқылы өтетін транзиттік-көлік ағынын арттырудың тиімді құралы ретінде заманға сай логистикалық технологияларды қолданудағы кедергілерді анықтау, ғылыми-тәжірибелік қызметте тәжірибе алмасу,  ТМД мен шет мемлекеттердің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының арасындағы байланыстарды нығайту.   

Осыған қарай, конференцияға еліміз бен ТМД мемлекеттерінің  көлік саласындағы мемлекеттік құрылымдарының, ғылыми-зерттеу және ғылыми-жобалау  институттарының  өкілдері қатысады деп күтілуде.  Сондай-ақ, жиынға халықаралық тәуелсіз сарапшылар да қатысады.

Бөлісу