Суретші Мәулен Көпбаев 7 жылдың ішінде 2700 портрет салған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суретші Мәулен Көпбаев 7 жылдың ішінде 2700 портрет салған (ВИДЕО)

26.11.2015
Суретші Мәулен Көпбаев 7 жылдың ішінде 2700 портрет салған (ВИДЕО)

Суретші Мәулен Көпбаев қазақтың нар тұлғаларының портретін салып жүр. Қылқалам шебері үшін алғашында бұл жай ғана әуестік болса, қазір сол өнерін кәсіби деңгейге жеткізіп, классикалық бағытқа түбегейлі ден қойған.

Бір портретті толық салып шығу үшін 2-3 сағат, кейде 2-3 күндей уақыт кетеді екен.

«Түпкі нәтиже кейіпкердің келбетін айнытпай салудан емес, ішкі табиғатын тап басып, танудан білінеді».

Жас дарынның еңбектері ғаламторда көптің көңілінен шығып үлгерген.

Суретші 7 жылдың ішінде 2700 портрет салыпты. Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Мағауин, Дінмұхаммед Қонаев, Қанапия Телжанов сынды майталмандардың суреті маңдай тердің арқасында дүниеге келген. Бүгінгі өнер жұлдыздарынан Мәуленнің коллекциясында Бекболат Тілеухан, Мөлдір Әуелбекова мен Асылхан Төлеповтер бар.

Суретші туындыларын «Таңшолпаннан» тамашалаңыз. 

Хабарламаларға жазылу